2015 жылдың 22 тамызында наурызда ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы ойынша Департаменті Мемлекеттік қызмет және жемқорлық профилактикасы басқармасының басшысы А.С.Жұбаныш және мемлекеттік қызметті өткеру бөлімінің консультанты Ә.Ө.Мұқашев «ТДК-42» телеарнасының тікелей эфирінде «Айтарым бар» ток-шоуына қатысты.
Бағдарламаның басты тақырыбы Ұлт Жоспары «100 нақты қадам» бірінші институционалды реформасы кәсіби мемлекеттік аппарат құру жөнінде болды. Аманқос Сағынұлы бағдарламадағы 5 институционалдық реформаның ең алғашқысы мемлекеттік қызметкерлер корпусын кәсіби және автономиялы етуге бағытталғандығын себебі, заманауи мемлекет құруда кәсіби аппараттың рөлі өте зор екендігіне тоқталып, кәсіби аппарат құрудың 15 қадамы азаматтарды мемлекеттік қызметке алғаш қабылдау рәсімінен бастап, оларды кешенді аттестаттауға дейінгі аралықты қамтитынын түсіндіріп өтті.
Сонымен қатар, телекөрермендерден келіп түскен сұрақтарға дұрыс түсініктер бере отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы негізгі құжаттың уақытылы және өзекті екендігін айрықша баса айтты.