Перейти к содержимому

Қайсарлы әрі мейірімді Күлбике

"Ерте ерте ертеде

Ешкі жүні келтеде"

Барлық ертегілер баяғы заманнан осылай басталады. Және де барлық ертегілер жақсы болып аяқталады. Күлбикеде бұл дәстүрді бұзған жоқ.

Сонымен, егер бәріде сол баяғы ертегідей болса, онда Диснейдің жаңа Күлбикесінен не күтеміз деген сұрақ туындауы мүмкін. Және де, бұл өте орынды сұрақ.

Шынымды айтсам, фильмға барар алдында бұл ой меніңде мазамды алды. Сондықтанда, мен, ары ойланып, бері ойланып қазақи дубляждағы Күлбикеге баруды ұйғардым. Бәрібір бүкіл әлемге әйгілі ертегіде көруге тұратын тукте жоқ, ондай болса, қазақша сөйлеп кеткен Кулбикени тамашалап, бір мәз-мейрам болып қайтайын дедім. Сол ойым дұрыс болған екен.

Біріншіден - фильмде жаңа ештеңе жоқ. Сол баяғы сұлу да мейірімді, бірақ көп қиыншылық көретін Күлбике, жаман да қатыгез өгей шешесі, айбатты да қайсарлы ханзада және де бәріне көмектескіш пері Кіндік шешей.

Екіншіден - барлық ертегілердегідей бұл жерде де, бәрі өте әдемі, жайдарлы, жарқын, тамаша. Ұлан-асыр той, жалт-жұлт еткен ұшқындар, тойдагы ханымдардың көйлектері, әр түрлі тірі жәндіктер, және де тағы да басқа ертегінің кейіпкерлері тамаша жасалған. Ол жағынан мін жоқ.

Үшіншіден - осыншама көз тұндыралық әдемі болғанымен, мазмұн жағынан фильм кішкене болса да іш пыстырарлық. Ия, бірақ бұл ертегі ғой, одан басқа не тілеуге болады. Сонда да, менің ойымша, фильмға бір жаңа лебін, сезім, жігер жетіспеген сияқты. Қанша тырысса да, фильм сол ертегінің шекарасынан аса алмады.

Ал, енді жақсы жағына келетін болсақ. Актерлер ұнады. Кейт Бланшетт - қатыгез де сұмпайы өгей шешенің рөлін өте жақсы сомдап шықты. Күлбикеш пен ханшайымның рөлін ойнаған жас актерлер де, өз жұмыстарын жақсы ақтарып шықты деп ойлаймын.

Өзіме ең қатты ұнағаны, әрине қазақи дубляж болды. Білмейм, мүмкін бірінші рет улкен экранда қазақша фильм көріп тұрғандықтан болар. Әйтеур, дубляжды жасаган адамдар, өз жұмысын жақсы атқарған. Ал, бұл дегенің біздің еліміз үшін өте жақсы бастама. Өстіп-өстіп бәрі жақсы боп кетер...

Қорытындылай келсек, Диснейдің жаңа Күлбикесі сол баяғы ертегі. Бірақ қай халық ертегіні жақсы көрмесін. Сондықтанда, бұл фильм бір көріп тамашалауға тұрарлық. Менің сіздерге айтар ақылым қазақи дубляжға барыңыздар. Көңіліңізден шығады.

7,5 / 10

"Меломан" компаниясы мен "Кинопарк Есентай" кинотеатрына фильмнің тұсаукесеріне шақырғандары үшін ерекше алғысымды білдіремін.

Қазақша жазбағалы көп болды. Сондықтанда, қателіктер болса айып етпеңіздер...

Жақсы кинода жолыққанша...

5
2
4035

Еще по теме