АЙСҰЛТАННАН АБАЙЛА!
Алайда, ол — соншалықты қорқатындай қарақшы емес. Тек жолы болмаған жігіт. Соған қарамастан, белсенділік байқатып бірдеңені бүлдіріп жүретіні тағы бар. Фейсбукке жазған шатпақтарын оқысаң, қоғамдық қызмет қолы емес екені көзге ұрып-ақ тұрады.
Бұрнағы жылы қоғамдық көліктің жолақысын көтеруге жол бермеймін деп алашапқын болды. Өзіндей желөкпе жастарды жинап, ақырында митингке келмей қалды. Ертең 21 мамырда да қара көрсетпеуі әбден мүмкін, оған сенуге болмайды.
Айсұлтанның «айқайы» аласапыран, ал тындыратын түгі жоқ. Қалыптасқан күрделі жағдайдан шығудың жолын көрсететін ұсыныс айтудың орнына, ішкі көңіл ауанының жетегінде кетіп қалады. Ондайлар үшін әлеуметтік желі — таптырмайтын олжа. Оңашада ойына келгенін жазады. Өйткені, қоғам белсенділерімен және сарапшылармен бетпе-бет пікір таластыруға өресі жетпейді.
А.Жақыповтың ауылшаруашылығынан да түсінігі шамалы, экономика тақырыбын таза жауып қой. «Жер сатылмасын!» деген ұранға еліріп, елді заңсыз жиынға шақырып, жанығып жүр. Оған митингінің мәні маңызды емес, ақылының жеткені — дүниені дүрліктіру. Ал, оған сөз берілген күннің өзінде, жарытып ештеңе айта алмасы анық.
Оның жасы 32-де. «Орда бұзар» отызында қолы жарытымды ештеңеге жеткен емес. Мәдени-бұқаралық шаралар ұйымдастыратын бір кеңсенің жарнама бөлімінде істейді. Кешкілік жекеменшік көлігімен адам тасиды. Сөйте тұра, өзін «төрт құбыласы түгел» адамдай көрсеткісі келеді. Қиялдың жетегінде жүргенін жасырады.
Өмірде онша жолы болмаған, оның үстіне саяси сауатсыз Айсұлтан сияқты адамның әлеуметтік желідегі айтағына еру — ақымақтық. Ұлтшыл-патриоттар қатарында саяси сауаттысы мен сөзге ұйытатын шешені жеткілікті. Алайда, олардың арасында оған орын жоқ. «Айсұлтаннан абайла!» дейтініміз сондықтан

