ҚАЙНАРЛЫ АУЫЛЫНДАҒЫ МЕДПУНКТ ЖӨНДЕУДЕН ӨТЕДІ.
2021 жылдың 7 қаңтар күні Қайнарлы ауыл тұрғындарымен «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын түсіндіру бойынша сенімді өкіл М.Шаяхметов пен бірге аудандық маслихат депутаттығына үміткерлер: Б.Иқамбаев пен А.Мухаева кездесу өткізді. Кездесуге жиналған ауыл тұрғындарына «Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір» атты 2025 жылға дейінгі сайлауалды бағдарлама таныстырылды.
Кездесу кезінде ауыл тұрғындарының көкейінде жүрген сұрақтары мен ұсыныстары тыңдалды. Марқакөл ауылындағы Казпоштаға тағы 1 банкомат орнатылса, ауылдағы медпункке жөндеу жұмыстары жүргізілсе деген ұсыныстары тіркеліп алынды.
Ауыл тұрғындары «Nur Otan» партиясының жасалынған игі істеріне алғыс айтып, дауыс беріп, қолдайтындарын жеткізді.
«Nur Otan» -нақты шешімдер мен жарқын істер кепілі!
Қиындықты еңсеріп, жеңіске бірге жетеміз!
«Nur Otan»-ға дауыс бер!
