АЙНАЛАСЫН ШУАҚҚА БӨЛЕГЕН АЙ АПА
Аудандық іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Аймхан Рахиева Түркістан облысы «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы Ордабасы аудандық филиалының директоры Сейдахмет Бердімұратовпен бірлесе отырып, іскер әйелдердің жұмысын жандандыру мақсатында түрлі ісшаралар, басқосулар өткізіп келеді. 10 ауыл округінен сайланған іскер әйелдер кеңесінің мүшелері, жеке кәсіпкерлер: Бибігүл Әбдірашидқызы, Гүлбарам Абсаттарова, Меруерт Сәдіманапқызы, Орынкүл Жұмабекқызы, Гүлжан Әбуқызы, Айман Оразқызы, Индира Кенжеханқызы, Бақытгүл Ілесқызы, Жұмакүл Шалданбайқызы және де Гүлнар Батырбекқызы қоғамдық жұмыстарға белсенді түрде қатысып, іскер әйелдер кеңесі жұмысының жандануына өзіндік үлестерін қосуда.
«Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер палатасында өткен кезекті басқосуда Айымхан Рахиева іскер әйелдер кеңесінің мүшелеріне алғысын жеткізіп, бірлесе жұмыс істеуге, уақытылы мәселелерді шешіп отыруға шақырған болатын. Сондай-ақ, жеке кәсібін енді бастап келе жатқан азаматтарға ақыл-кеңестерін айтып, өмірлік тәжірибесімен бөлісті.
