«Айман & Шолпан»ТАМАША ТЕЛЕХИКАЯ БОЛҒАЛЫ ТҰР

Жуырда «Қазақстан» Ұлттық телеарнасында отбасы құндылықтары туралы баяндайтын «Айман & Шолпан» атты телехикая көрерменге жол тартады.Сераиалды күтіп жүргендердіңбірі менмін. Қазақта «Қан бәрібір тартады» деген түсінік бар. Сол үшін адамдар ешбір қиындыққа қарамай, көптеген сынақтарды басынан өткеруге дайын. Осындай жандардың бірі - телехикаяның басты кейіпкерлері Айман мен Шолпан. 100 бөлімнен тұратын туындының қоюшы-режиссерлері - Айбек Дайырбеков, Ержан Рүстембеков, продюсерлері - Рустам Азаматов, Рашид Сүлейменов, Мәдина Дүйсембаева, композиторы - Ренат Әубәкіров.
Телехикаяда басты рөлде әнші, актриса Салтанат Бақаева ойнайды екен. Фильмге егіз қызды табу оңайға соқпаған көрінеді. Кастингте 20-30 жас аралығындағы 73 жұп бақ сынап көріпті. Тіпті, Ұлыбритания мен Татарстаннан да үміткерлер қатысқан. Алайда, ешбірі талапқа сай келмегендіктен, Айманның да, Шолпанның да рөлін Салтанат Бақаева бір өзі сомдап шыққан екен, Салтанат Бақаеваның жақсы актриса екенін білеміз, алайда екі рөлді бір өзі қалай сомдап шыққаны маған қызық болып тұр. Телехикаяны тамашалауға шақырамын.
