АЙМАҚТАҒЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҚОЛДАУ
Үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу үшін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттығына үміткер кандидаттар еліміздің түпкір-түпкірін аралауда. Ондағы мақсат - өңірлердің бүгінгі тыныс-тіршілігімен танысып, халықтың өтініші мен тілектеріне құлақ асу. "Nur Otan" партиясы аталған мақсаттан айнымай өңірлердегі өзекті мәселелерді қамтыған қала мен ауданның жекелеген даму бағдарламасын қабылдады. Бүгін мысты өлкеге ат басын бұрған Мәжіліс депутаттығынан үміткер Юлия Бадина осы құжаттың басым бағыттарын түсіндірді.
Жұмыс сапары кезінде кандидат денсаулық сақтау, мәдениет пен өнер саласының қызметкерлерімен, сондай-ақ еңбек ұжымдарымен жолықты. "Nur Otan" партиясының 2025 жылға дейінгі "Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір" атты сайлауалды бағдарламасын халыққа жеткізуді көздеген кездесулердің алғашқысы "Тильман" отбасылық-дәрігерлік амбулаториясының ұжымымен өтті. Күн-түн демей, уақытпен санаспай ел азаматтары денсаулығының күзетінде тұрған ақ халаттыларға алғысын білдірген кандидат жетекші партия өзінің сайлауалды бағдарламасында дәрігерлер мәртебесін жоғарылатуға, тұрғындардың денсаулығын нығайтуға баса назар аударып отырғанын жеткізді. Аталған бағыттағы нақты шаралар тұрғындардың өтініштері негізінде қабылданған Жезқазған қалалық сайлауалды бағдарламасында қамтылған.
Ақ халаттылардың олдауына ие болған кандидат Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев төрағалық ететін "Nur Otan" партиясының ел мүддесін қорғау жолындағы игі істері әлі де жалғасатынын айтып, "Nur Otan" партиясы үшін әр қазақстандықтың пікірі маңызды екенін ескертті. Юлия Бадина Қазақстанды жарқын болашаққа жетелейтін көшбасшы партияны таңдауға үндеді. 10 қаңтарда өтетін сайлауға әр азамат белсене қатысу арқылы ел болашағын айқындайды.
@nur_otan @baibekbk @arman_kyrykbayev @jas_otan @elnurbeisenbai #NurOtan #JenimpazBol #BizBirgemiz #JasOtan # Tanday2021

