Перейти к содержимому

Айканың тізімінен кейін пәк қыздар тізімі: прокуратура іске кірісті

Кеше ҚазҰУ-дағы пәк қыздар тізімі жарияланып, жұртты дүрліктірген еді. Осы іспен қазір Алматы қаласының прокуратурасы айналысып жатыр.

"Алматы прокуратурасының нұсқауымен дербес деректерді тарату бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

2024 жылдың 14 ақпанында Бостандық ауданының полиция басқармасы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-і студенттерінің медициналық құпияны құрайтын жеке деректер мен мәліметтерді тарату фактісі бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі 147-бап бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру тіркелді (жеке өмірге қол сұғылмаушылықты және Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасын бұзу).

Қазіргі уақытта қылмыстық іс аясында барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде", - делінген Алматы қаласы прокуратурасының ақпаратында.

 


0
0
380

Еще по теме

Айканың тізімінен кейін пәк қыздар тізімі: прокуратура іске кірісті - Yvision.kz