Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

«АЙҚАП» ЖУРНАЛЫНЫҢ РЕДАКТОРЫ МҰХАМЕДЖАН СЕРАЛИН

Танымал ақын, журналист. «Айқап» журналының редакторы.

Мұхамеджан Сералин десе алдымен «Айқап» журналының еске түсері анық. Құдды екеуі егіз іспетті. Оған дәлел М.Сералиннің журналисттік қызмет жолының екі кезеңге бөлінуі. Соның біріншісі осы «Айқап» журналы болса, екіншісі «Ұшқын», «Еңбекші қазақ», «Ауыл» газеттеріне мәдениет жайында қосқан үлесі.

Ұлы журналист 1891 жылы Қостанайдағы 2 сыныптық орыс-татар мектебін үздік деген бағамен тәмамдаған. Осы алған білімін ары қарай жетілдіруге қаражаты жетпегеннен кіндік қаны тамған ауылына қайта оралып бірнеше жылдық өмірін ұстаздық қызметке арнайды. «Век живи, век учись» деп орыстар айтқандай бір ғасырлық ғұмырын білімге арнаған кейбір адамдар білімді тұлға болуына біраз үлес қосқан ұстаздарын өмір бойы ардақтап өтеді. Ал Мұхамеджан Сералин болса бір ғасыр оқуға мүмдіндігі болмағаннан өмірді өзінің ұстазы санайды.

Айта берсек журнал туралы ақпарат таусылмайды. Дегенмен көз көргенде еленбей өтпеген бір сөзді айтпай өту қателік пе дерсің. Ақын Мырзан Кенжебай «Айқап» журналының қазақ есінде қалуына оның алғашқы болып шыққаны емес, қазақтың жоғын жоқтағандығы себеп болғанын айтады. Иә, қандай жағдай себеп болса да журнал ел есінде. Дегенмен сайттағы мына бір пікір біраз таңқалдырғандай:Тоқал ешкі мүйіз сұраймын деп құлағынан айырылыпты демекші, «Айқапты» жоқтап жүргенде «Азаттықтан» айырылып қалып жүрмейік! Қысқасын айтқанда «Азаттықтың» қозғар мәселесі саясат қана (менің білуімше). Бұған дәлел «Azattyq.org» сайтындағы «Ресми БАҚ жариялай бермейтін ақпараттар» деген жазба. Айтпағым «Азаттықтан» айырылсақ мұң бола қоймас. Өйткені «Азаттық» «Айқап» секілді ел қамын емес өз қамын, яғни қалтаның қалыңдығын көбірек ойлайтын радиожурналисттердің отаны.

0
0
354

Еще по теме

«АЙҚАП» ЖУРНАЛЫНЫҢ РЕДАКТОРЫ МҰХАМЕДЖАН СЕРАЛИН - Yvision.kz