АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫН ЖӨНДЕУ САПАСЫНА БАҚЫЛАУ ЖАСАУ ЖОСПАРЫ БЕКІТІЛДІ
«Сапалы жол - Адалдық алаңы» жобасы аясында Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) БҚО бойынша департаменті мен «Ұлттық жол активтері сапасы орталығы» РМК БҚО бойынша филиалы арасында 2019 жылға арналған жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының жөндеу жұмыстарындағы сапаны бақылау Жоспар-кестесі бекітілді.
Жоспарға сәйкес жолдардың сапасын бақылау Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының іске асырылуын сыртқы талдау және бағалау жөніндегі облыстық арнайы мониторинг тобының мүшелерімен, жұртшылықпен және бұқаралық ақпарат құралдарымен бірлесіп жүзеге асырылады.
Бақылаудың келесі объектілері таңдалды: күрделі жөндеу «Бөрлі-Ақсай-Жымпиты» (139-149 км, 149-159 км), «Үлкен Шаған - Переметный» (0-10 км, 10-20 км, 20-32 км), «Шыңғырлау-Лубенка-Лебедевка» (0-104 км), орташа жөндеу «Федоров-Ақсай» (0-28 км), «Тасқала-Аққурай-Болашақ-РФ шекарасы» (0-48 км, 48-96 км), «Шыңғырлау- Лубенка-Лебедевка» (0-12 км), «Чапай-Жаңақала-Сайхын» (113-130 км), «Үлкен Шаған-Переметный» (32-42 км).
Құрметті облыс тұрғындары, егер сіз жоғарыда аталған жол учаскелерінде бұзушылықтар тапсаңыз, 8 (7112) 984757 телефонына, WhatsApp: 8 775 300 02 14 немесе Facebook «Anticorruptionzko» парақшасына хабарлаңыз.
