Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫ ЕҢБЕККЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

Бүгін «Nur Otan» партиясы Төлеби аудандық сайлауалды штаб аппараты басшысының орынбасары С.Дүйсебаев ауыл шаруашылығы саласының өкілдерімен "Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасын түсіндіру мақсатында онлайн кездесу ұйымдастырды.

Zoom платформасында кездесіп, алдымен олардың еліміздің өркендеуіне қосып отырған ұшан-теңіз еселі еңбектерін атап өтті. Мемлекетіміздің қарыштап дамуы, елдің жағдайының көтерілуі ең бірінші ауылдың, ондағы егін, мал шаруашылығының дамуына тікелей байланысты. Қорамыз малға, қамбамыз астыққа, қоймамыз жеміс пен көкөніске толы болса, біз дамушы елден бөлек, өзін өзі қамтамасыз етуші бақуатты елге айналып қана қоймай, бүгінгі заманда азық-түліктен тапшылық көріп отырған шет мемлекеттерге де өз өнімімізді шығарамыз.

Онлайн (online) кездесу барысында кандидаттар ауыл шаруашылығы саласының өкілдерімен танысып, олармен осындай бірқатар маңызды мәселелерді талқылады. Кездесу барысында жарқын келешекке қойылған жоспарларды ортаға салды.

Кандидаттар Елбасының ауылшаруашылығына қатысты ауқымды жобалары мен бастамаларының қозғаушы күші боп жүрген қарапайым еңбеккерлердің ерен еңбегін лайықты атап өтті.

Елбасымыз ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев "Ең бастысы, экономиканың, соның ішінде ауыл шаруашылығының дамуын жай қамтамасыз етіп, ұстап тұрмай, оның өсуін басқаруды жедел жетілдіре түсу қажет" -- деп атап көрсеткен болатын. Бұл мақсатта Төлеби аудандық ауылшаруашылық саласының еңбеккерлері де маңдай терін төгіп, еселі еңбек етуде. Кандидаттар сондай-ақ оларға Nur Otan"партиясының сайлауалды бағдарламасын жете түсіндіріп,

"Сiздер қажырлы еңбектерiңiзбен елiмiздiң экономикасының дамуымен қатар, қоғамның әлеуметтiк тұрақтылығының нығаюына да қомақты үлес қосып келесiздер. Барлықтарыңызға шын жүректен зор денсаулық, отбастарыңызға амандық, береке мен бірлік және еліміздің игілігі жолында жаңа табыстарға жете берулеріңізді тiлеймiз, «Nur Otan» партиясына қолдап, дауыс беруге шақырамыз"— деп С.Дүйсебаев сөзін аяқтады.

2
0
136

Еще по теме

АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫ ЕҢБЕККЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ - Yvision.kz