АУЫЛІШІЛІК ЖОЛҒА БАҚЫЛАУ ЖАСАЛДЫ.
"NurOtan" партиясы фракциясы мүшелері, аудандық мәслихат депутаттары партиялық бақылау негізінде Сайқын ауылының ауылішілік жолдарының салыну барысына бақылау жасады. Құрылысты жүргізуші "РЦУ 1" ЖШС-нің құрылыс учаскесінің бастығы Қ.Сәметеев және "Жаңа консалтинг" ЖШС-нің техникалық бақылаушы Б.Есжанов жұмыстың барысымен түсіндіріп, жұмыс кестеге сай жүріп жатырғандығын жеткізді.
