Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

АУЫЛДЫҚ АУМАҚТАРДЫ ДАМЫТУ ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ ҚҰРЫЛАДЫ

ҚР Президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдау жөніндегі қалалық қоғамдық штабтың мүшелері Қ.Елғонов, Е.Медетбеков және Ғ.Құмарбеков Монтайтас ауылдық округіне қарасты Атамекен елді мекені тұрғындарымен кездесті.

Кездесу барысында ауыл тұрғындарына кандидаттың сайлауалды бағдарламасы түсіндірілді.

Қалалық қоғамдық штабтың мүшесі Ғалымжан Құмарбековтың айтуынша, Президенттің бағдарламасы қазақстандықтардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған. Онда ауылдарды дамытуға басымдық беріледі. Осы мақсатта ауылдық аумақтарды дамыту тұжырымдамасы әзірленетін болады.

– Ауылдағы мектептер мен медициналық ұйымдар жаңартылады. Оларға білікті мамандар тартылады. Ауыл шаруашылығы экономиканың жаңа қозғалтқышына айналады. Ауыл шаруашылығы кооперативтері ұйымдастырылады, елді мекендер газбен, сумен қамтылады. Осылайша

ауылдағы тұрғындарға жағдай жасалады.– деді Ғалымжан Құмарбеков.

Штаб мүшесі Қайрат Елғонов білім беру жүйесінде болатын өзгерістерге тоқталды.

– Шағын қалаларда да, ауылдарда да мектептер мен басқа да білім беру нысандары заманауи стандарттарға сай жаңартылады. Сыныптар компьютермен жабдықталады, робототехника бойынша үйірмелер ашылады. Оқушылардың цифрлық сауаттылығын арттыруға баса назар аударылатын болады. Мұғалімдердің шығармашылықпен жұмыс істеуіне жағдай жасалады. Кәсіби кадрларды даярлауға көңіл бөлінеді. Сол үшін сіздер өз таңдауларыңызды жасау керексіздер,- деген ол жиналғандарды сайлауға белсенді қатысуға шақырды.

#TOQAEV2022

0
0
254

Еще по теме

АУЫЛДЫҚ АУМАҚТАРДЫ ДАМЫТУ ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ ҚҰРЫЛАДЫ - Yvision.kz