АУЫЛДАРДЫ ДАМЫТУҒА БАСЫМДЫҚ БЕРІЛЕДІ
Бүгін Арыс қалалық қоғамдық штаб төрағасы Бақтығали Ділдәбеков пен штаб мүшесі Ғалымжан Құмарбеков Қожатоғай ауылдық округіне Амангелді атындағы жалпы орта мектебінде тұрғындарымен кездесіп, үгіт-насихат жұмысын жүргізді.
Штаб мүшелері Қ.К.Тоқаевтың үміткер ретінде алға қойған ауқымды міндеттері жайлы баяндап, "Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін" атты сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтарға толыққанды жауаптар берілді.
«Ауыл шаруашылығы саласын қарқынды дамыту көзделуде. Бұл бойынша алдағы 3 жылда ауқымды жұмыстар атқарылып, ауыл шаруашылығына бөлінетін қаржы 1 триллионға жеткізілмек. Мұның бәрі – ауыл тұрмысын жақсартуға жасалған қадамдар» - деді штаб төрағасы Бақтығали Ділдәбеков..
Сондай-ақ, 2022 жылдың 20 қарашасы күні өтетін ҚР Президентін сайлауына бір кісідей қатысып, дауыс беруге шақырды.
#TOQAEV2022
