Ауылдарды аралап,
аудандық мәслихаттың депутаттығына үміткер азаматтар бұл жолы санитарлық эпидемиялогиялық жағдайды ескеріп, партияның сайлауалды бағдарламасын түсіндіру бойынша бүгін халықпен онлайн форматта яғни қашықтан кездесті. Кездесуде «Nur Otan» партиясының әлеуметтік желідегі парақшасы арқылы алдағы бес жылға арналған сайлауалды бағдарламаны түсіндірді. Әсіресе ауыл шаруашылығы өнімін өндіруге емес, өңдеуге басымдық берген жөн. Сонымен қатар онлайн жиын кезінде үміткерлерге бірнеше сауал жолданды. Мәселен, қазіргі жағдайға байланысты қашықтан оқып жатқан оқушылар интернеттің дұрыс тартпауынан қиналып жатқаны туралы айтылды. Сондай-ақ, басқа да түрлі мәселенің күрмеуі шешілетіндей сұхбат жүргізілді.
