Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

АУЫЛДАН ТҮЛЕП ҰШҚАН ТҮЛЕКТЕР ТАРТУЫ

Әлемді жайлаған індеттен еліміздің азаматтары да зардап шегуде. Елім деп жүрген арда азаматтар індетке қарсы күресте қолдан келген көмектерін ұсынуда. Сол ізгі басамалардың тағы бір ілегі өз жалғасын тапты. 1963 жылғы Ф. Сүлейменованың «Б» классы атынан аудандық ауруханаға 1миллион 980 мың тұратын «Монитор пациента ВМ-1» аппаратының 2 данасы тарту етілді. «Монитор пациента ВМ- 1» аппараты аурудың дене қызуын, қан қысымын, тыныс алуы мен толық жағдайын өзі бақылап тұрады. Бұл аппарат емделушілер үшін таптырмайтын құралдардың бірі. Құрылғыны аурухананың бас дәрігері Сәндібек Нұрбаевқа табыстады. Игі іске мұрындық болған "Nur Otan" партиясы Ойыл аудандық филиалы "Көкжар керуен" бастауы партиясының төреайымы, депутаттық фракциясының жетекшісі Айсұлу Мамбетованың айтуынша құрылғы үшін жиналған қаржының басым бөлігін яғни миллионнан астамын сыныбымыздың мақтанышы, қазіргі таңда облыстық мәслихат депутаты, кәсіпкер- Талғат Салфиков бөлгенін. Сонымен қатар басқа да сыныптастарымның еңбегі мен қосқан үлестері ерекше, жалпы 1963 жылғы түлектері игі іске қашан да дайын екендігін жеткізді.

0
0
106

Еще по теме

АУЫЛДАН ТҮЛЕП ҰШҚАН ТҮЛЕКТЕР ТАРТУЫ - Yvision.kz