АУЫЛДАҒЫ АУЫЗСУ МӘСЕЛЕСІН НАЗАРДА ҰСТАЙМЫЗ
Бүгін «NurOtan» партиясынан облыстық мәслихатқа кандидат «Хамит» ауыл шаруашылық өндірістік кооперативінің басқарма басшысы Бақытжан Серманизов «Есіктен-есікке» шарасы аясында Ақшеңгелді ауылдық округіне қарасты Егізқұм елді мекенінде тұрғындармен кездесу өткізді.
Тұрғындармен кездесу барысында партияның сайлауалды бағдарламасы мен партияның жетістіктері туралы тарата айтылды. Сонымен бірге үміткерлер ауыл тұрғындарын сайлау күні «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды.
–Егізқұм ауылы аудан орталығынан ең шалғайда орналасқан елді мекен. Дегенмен мұндағы әлеуметтік-тұрмыстық мәселелер біртіндеп шешіліп келеді. Таяуда ауылға табиғи газ берілді. Дейтұрғанмен ауылда мәселе жоқ деп айта алмаймыз. Ауыл тұрғындарымен кездесу барысында түйіткілді мәселелердің бірі – ауызсу екендігіне көз жеткіздік. Ауылішілік көшелерге асфальт төсеу де маңызды мәселе екен. Мәселені тиісті мекемелер арқылы анықтап, жазып алдық. Алдағы уақыттары сол мәселелердің оң шешімін табуға ықпал етеміз. Біздің мақсатымыз – ауылды дамыту үшін қолайлы жағдай жасау,-дейді «NurOtan»-дықтар.
«Nur Otan» партиясы Шардара аудандық филиалының баспасөз қызметі.
