Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

Ауыл жолдарын тазалау

Қыс кезінде жолды қардан тазарту өзекті мәселелердің бірі. Бөкей ордасы ауданы бойынша республикалық маңызы бар жолдар 124 шқ, облыстық маңызы бар жолдар - 116 шқ, аудандық маңызы бар жолдар - 145 шқ. құрайды. Бүгінгі таңда аталмыш жолдарды күтіп ұстау бойынша "Өнеге-Бисен-Сайқын" 0-50 шақырымға жауапты "Атырау жолдары" ЖШС (меншігінде жол тазалауға дайын 1 автогрейдер, 1 бульдозер бар), 51-103 шақырымға жауапты "Ақжол құрылыс" ЖШС (меншігінде жол тазалауға дайын 1 автогрейдер, 1 бульдозер бар), Хан ордасы ауылына кірме жолға 0-21 шақырым жауапты "Бекет сәт жол" ЖШС (меншігінде жол тазалауға дайын 1 автогрейдер бар), облыстық маңызы бар Ұялы-Бисен аралығындағы жолға жауапты "Жолаушы жол" ЖШС (меншігінде жол тазалауға дайын 1 автогрейдер, 1 трактор К-703, трактор МТЗ 1221 бар), аудандық маңызы бар жауапты "Комхоз-Сервис" ЖК (МКК "Орда") (меншігінде жол тазалауға дайын 1 автогрейдер ДЗ-122 , 1 трактор К-700).

Қазіргі күні барлық бағыттардағы жолдар қырылған. Жол сапарға кедергі келтіретін жайттар жоқ.

0
0
222

Еще по теме

Ауыл жолдарын тазалау - Yvision.kz