Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

АУЫЛ ЖАСТАРЫН ҚОЛДАУ

Үміткер Зулхуза Қожаева Мәртөк аудандық этно-мәдени орталық өкілдерімен онлайн кездесті.

«Партия бағдарламасындағы басымдықтың бірі – ауыл тұрғындарының табысын арттылып, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Коронавирус пандемиясы кезінде бұл бағыттағы жұмыстың салмағы артты. Жоспар бойынша 20 ірі инвестициялық жобаны іске асырылады. 2021 жылы Мәртөк ауданында 2,8 мың, Ақтөбе қаласында 500 мүйізді ірі қараға арналған 3 сүт-тауар фермасы салынады. 2021 жылы Ақтөбе қаласында қуаты жылына 15 мың тонна болатын балмұздақ цехын жаңғырылып, Алға ауданында қуаты 120 тоннаға дейін құс етін және жылына 125 млн жұмыртқа шығаратын құс фабрикасының құрылысы жүргізіледі. 2022 жылы Ақтөбе қаласында қуаты 20 тоннаға дейін жететін құс етін өндіретін фабрика салынады. Дәл сол жылы Шалқар ауданында 20 мың ұсақ мал бордақылайтын және өсіретін шаруашылық ашылып, 140 жұмыс орны құрылады. Жыл сайын облыстың 2 мың ауыл шаруашылығы кәсіпорны мен шаруа қожалығын қосымша субсидиялау қарастырылған», - деді Зулхуза Қожаева.

Ауыл жастарының өмір сүру сапасын арттыру, оларға жағдай жасау туралы айтқан үміткер «Nur Otan» және «Jas Otan» жастар қанаты әрдайым тың жобалардың қолдап, іске асыруға септігін тигізетінін жеткізді. Жастарды жұмыспен қамту, шағармашыл және іскер жастарды қолдау басым бағыттың бірі болып қала бермек.

Қаржы Nur Otan партиясы Ақтөбе облыстық сайлау қорынан төленді.

0
0
188

Еще по теме

АУЫЛ ЖАСТАРЫН ҚОЛДАУ - Yvision.kz