АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ ТАБЫСЫН АРТТЫРЫП, АЗЫҚ-ТҮЛІК ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТЕМІЗ
Облыстық мәслихат депутаттығына үміткерлер А.Адаев, Қ.Алишев «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын түсіндіру мақсатында Мұғалжар ауданы Енбек а/о Басшилі ауылында ауыл шаруашылығы саласы өкілдерімен «Есіктен есікке» акциясын өткізді. Кездесу барысында кандидаттар коронавирустық пандемия жағдайында нарықты азық-түлік тауарларымен тұрақты қанықтыру мәселелері ерекше өзекті болып отыр. Қазіргі уақытта пандемиямен байланысты кейбір азық-түлік тауарларын (импортталған) жеткізуде бірқатар қиындықтардың туындауы азық-түлік қауіпсіздігінің маңыздылығын көрсетеді. Осы бағыт бойынша «Nur Otan» партиясы мынадай міндеттер қояды: Суармалы жерлердің көлемін 1,5 есеге арттырып, 1 200 га дейін жеткізілетіндігін айтты.

