АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСУ
Кездесуге келген ауыл тұрғындары сұрақтарын қойып, ұсыныс-пікірлерін жеткізді.
Ашық диалог барысында келесідегідей мәселер көтерілді: тұрмыстық қоқыс-қалдықтарды уақытылы жинауды реттеу, көшелерді жарықтарындыру, трансформаторларды жаңалау, балалар ойын алаңын салу, қандастарымыздың ел азаматтығын алуды жеңілдету.
Жиналысқа қатысқан облыс мәслихаты депутатына үміткер, бүгінгі Мұнайлы аудандық мәслихатының депутаты Садуақас Битан аталған мәселелер бойынша жұмыстардың жоспарда бар екенін және олардың алдағы уақытта іске асырылатынын айтып кетсе, көші-қон сұрақтары және шетелден көшіп келген қандастарымыздың Қазақстан азаматтығын алу механизмдерін қайта қарастыруды Е.Жаңбыршин алдағы жұмыстарында назарға алатынын жеткізді.
Кездесу соңында ауыл тұрғындары "Nur Otan" партиясын бірауыздан қолдайтындықтарын айтты.
