Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНЫҢ ҮЗДІКТЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

Мерекелік шараға ауыл шаруашылық еңбеккерлері мен шаруа қожалық төрағалары мен аудан қала əкімдері қатысты. Алғы сөз алған облыс əкімі Өмірзақ Шөкеев барша аграрлық сала еңбеккерлерін жылдық қорытынды мерекемен құттықтап, салада жоғары нəтиже көрсеткен аудан-қала əкімдеріне жəне еңбек озаттарына арнайы марапаттарды табыс етті.

«Ауыл шаруашылығын дамыту бұл – стратегиялық маңызды бағытымыз саналады. Пандемияға байланысты кедергілер болғанымен, биылғы жылы қол жеткізген жетістіктеріміздің көрсеткіші жоғары. Алдағы уақытта да жаңа технологияларды қолдана отырып, ауыл шаруашылығы саласын ілгері дамытуымыз қажет. Осы орайда, аймақтағы балық шаруашылығының үлесі республика бойынша 70 пайызын құрайтынын атап өткім келіп отыр. Сала мамандарының еңбекқорлығы бүкіл елді таң қалдыруда»,- деді аймақ басшысы Өмірзақ Шөкеев.

Салтанатты шарада ауыл шаруашылығы саласының еңбек озаттары мен үздік нəтиже көрсеткен аудан қала əкімдері арнайы марапаттарға ие болды.

Кентау қаласы жаңбырлатып суғару технологиясын ендіруден озат аудан номинациясымен марапатталды.

Шаға ауылдық округіндегі «Түркістан Агро ХХІ» ЖШС-і жаңбырлатып суғару технологиясымен жұмыс істеуде. Бүгінде 1010 гектар жерге 18 дана жаңбырлатып суару агрегаттары қойылған. 2020 жылы бір алқаптан екі реттен өнім алып отыр.

Бұл технология біріншіден суармалы су тапшылығын, екіншіден еңбек өнімділігін үнемдеуге ықпал етеді.

0
0
360

Еще по теме

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНЫҢ ҮЗДІКТЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ - Yvision.kz