АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНЫҢ ҮЗДІКТЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімдігінде жемісті жылдың жетістіктері паш етілген биылғы «Altyn kùz – 2020» мерекесі өтті. Мерекелік шараға ауыл шаруашылық еңбеккерлері мен шаруа қожалық төрағалары мен аудан əкімі қатысты. Алғы сөз алған облыс əкімі Өмірзақ Шөкеев барша аграрлық сала еңбеккерлерін жылдық қорытынды мерекемен құттықтап, салада жоғары нəтиже көрсеткен аудан-қала əкімдеріне жəне еңбек озаттарына арнайы марапаттарды табыс етті. Созақ ауданы әкімдігі «Аналық түйе басын ұлғайтудан озат аудан» номинациясымен марапатталды. Сондай-ақ, аудан азаматы Сүгірбаев Бағлан Қанжарбекұлы ауылшаруашылығы саласын дамытуға қосқан үлесі үшін Қазақстан Республикасы ауылшаруашылығы министрлігінің "Құрмет грамотасымен" наградталды. Сондай-ақ, түйе шаруашылығын дамытудағы үлесі үшін «Игі қадам» шаруа қожалығының төрағасы Өксікбаев Нұрқанат Тұрғанбайұлы облыс әкімінің алғыс хатымен марапатталды.
