Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНДАҒЫ МӘСЕЛЕЛЕР ҚАРАЛДЫ

2020 жылдың 9 ай қорытындысы бойынша жалпы өнім көлемі – 14,9 млрд теңгені құрап отыр. Қазіргі таңда cтатистикалық мәліметке сәйкес, облысымызда жұмыс жасап тұрған 2559 шаруа қожалығы бар. Аудан әкімдіктерінің мәліметіне сәйкес, 2020 жылға болжам бойынша 60,0 мың тонна шөп және 29,0 мың тонна жем дайындау жоспарланған болатын. Қазіргі таңда 22 бригада және өзге облыстардан тасымалдар арқылы 26,6 мың тонна шөп және 22,8тонна жем дайындалды.

2019 жылы 874,5 гектар суармалы жерлерге, оның ішінде 790 гектарына тамшылата суару әдісімен, басым бағыттағы көкөніс-бақша дақылдары өсірілді. Нәтижесінде 21 613,4 тонна өнім жиналған болатын. Оның ішінде 12 917,2 тоннасы бақша дақылдары және 8696,2 тонна көкөніс өнімдері. 01.08.2020 жылғы статистикалық мәлімет бойынша егілген егіс көлемі 890,7 гектар құрап отыр. Нәтижесінде барлығы 22 000 тоннаөнім алынады деп жоспарлануда. 2020 жылы Облыс әкімімен бекітілген «Облыс экономикасының шикізаттық емес секторын дамыту жөніндегі 2020 жылға іс-қимыл жоспарына» сәйкес облысымыздағы жылыжай кешенін 7 гектарға арттыру бағытында жұмыстары жүргізілуде. Нәтижесінде жыл соңында жылыжай кешенінің көлемі 34,4 гектарга жететін болады.

0
0
106

Еще по теме