Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНДА 350 МЫҢНАН АСТАМ САПАЛЫ ЖҰМЫС ОРНЫ ҚҰРЫЛАДЫ

♾АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНДА 350 МЫҢНАН АСТАМ САПАЛЫ ЖҰМЫС ОРНЫ ҚҰРЫЛАДЫ   📍Халықтық коалиция атынан ҚР Президенттігіне кандидат Қ.Тоқаевты қолдау жөніндегі Қызылорда облыстық қоғамдық штаб мүшелері «Абзал и К» ТС-нің тұз өңдеу цехы ұжымымен кездесті.   ⏺Кездесу барысында облыстық штаб төрағасының орынбасары Ләйлә Төрешова өңірімізде кәсіпкерлікке мемлекет тарапынан жан-жақты қолдау қарқынды жүзеге асып, осы бағытта іргелі істер атқарылып жатқанын атап өтті. Сонымен қатар Қ.Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасындағы ауыл шаруашылығын экономиканың жаңа қозғаушы күшіне айналдыру мақсатындағы алға қойған міндеттерді таныстырды.   🗣«Мемлекет агросекторды дамытудың жаңа сатысын құрмақ. Бұл барлық тұрғындардың еңбекке белсенділігін арттырады. Шағын және орта бизнесте жұмыс істейтіндердің санын 4,7 млн адамға жеткізу жоспарлануда. Ауыл шаруашылығы техникасын лизингке алу, шағын несие алу және ірі қаладағы өткізу нарығына қол жеткізу үшін жеңілдіктер беріледі. Ауыл шаруашылығы саласында 350 мыңнан астам сапалы жұмыс орны пайда болады. Ұзындығы 3,5 мың шақырым болатын суару каналдары қайта жөнделеді. Жаңа 25 су қоймасы салынып, қолданыстағы 16 су қоймасы жөндеуден өткізіледі. Бұл Президентіміздің бәсекеге қабілетті елдің еңбек ортасын құрудағы  жоспары»,- деп атап өтті Л.Төрешова.   ⏺Штаб мүшелері Гүлнар Есқалиева, Мақсұт Нәлібаев, Жанкелді Ысқақ жұмысшы құқықтары мемлекеттің қатаң қадағалауымен және күшті кәсіподақтармен қамтамасыз етілетін қауіпсіз еңбек ортасын құруға ерекше назар аударылғанын атап өтті.   ⏺Олар «Әділетті Қазақстанның негізін ең алдымен еңбек адамы құрағандықтан адал өнімді еңбектің құрметтелуі, қорғалуы және оған лайықты еңбекақы төленуі жөнінде, сонымен қатар, жұмысшылардың табысы кәсіби шеберлігіне және жауапкершілігіне байланысты болуы керектігін жеткізді. Олар жиынға қатысушыларды бірауыздан Тоқаевқа дауыс беруге шақырды.

0
0
159

Еще по теме

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНДА 350 МЫҢНАН АСТАМ САПАЛЫ ЖҰМЫС ОРНЫ ҚҰРЫЛАДЫ - Yvision.kz