АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БАСТЫ НАЗАРДА
Кездесу барысында кандидаттың сайлау алдындағы бағдарламасында көрсетілген алдағы жеті жылда ауыл шаруашылығын дамытуға арналған шаралар талқыланды.
Штаб төрағасы Т.Даргужиев мемлекет кәсіпкерлікті ынталандыруға және оны қорғауға бар күш-жігерін салатын болады және бүкіл елімізде ауыл шаруашылығы кооперативтері құрылатынын атап өтті. Ауыл шаруашылығы саласында 350 мыңнан астам жаңа жұмыс орындары ашылады. Жалпы, кооперативтерді дамыту үшін бюджеттен 1 триллион теңгеден астам қаражат жұмсалатынын шаруаларға кеңірек түсіндірді.
Штаб мүшелері шаруаларды толғандырған жайылымдық жер, байланыс, электр жарығы сияқты мәселелерге қатысты сауалдарына толыққанды жауап беріп, ұсыныстардың ескерілетіндігін жеткізді.
#Toqaev2022


