АУЫЛ МӘСЕЛЕСІ БАСТЫ НАЗАРДА
Бүгін «NurOtan» партиясынан облыстық мәслихатқа кандидат «Хамит» ауыл шаруашылық өндірістік кооперативінің басқарма басшысы Бақытжан Серманизов «Есіктен-есікке» шарасы аясында Ақшеңгелді ауылдық округіне қарасты Ақ алтын елді мекенінде тұрғындармен кездесу өткізді.
Тұрғындармен кездесу барысында партияның сайлауалды бағдарламасы мен партияның жетістіктері туралы тарата айтылды. Сонымен бірге үміткерлер ауыл тұрғындарын сайлау күні «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды.
–Ақ алтын ауылы аудан орталығынан шалғайда орналасқан. Дегенмен мұндағы әлеуметтік-тұрмыстық мәселелер жақсы шешімін тапқан. Таяуда ауылға табиғи газ берілді. Мектеп бар, балабақша, медпункт бар. Дейтұрғанмен ауылда мәселе жоқ деп айта алмаймыз. Ауыл тұрғындарымен кездесу барысында түйіткілді мәселелерді анықтап, жазып алдық. Алдағы уақыттары сол мәселелердің оң шешімін табуға ықпал етеміз. Біздің мақсатымыз – ауылды дамыту үшін қолайлы жағдай жасау,-дейді «NurOtan»-дықтар.
«Nur Otan» партиясы Шардара аудандық филиалының баспасөз қызметі.
