АУЫЛ ӘКІМІ ЛАУАЗЫМЫНА КАНДИДАТТАР ҰСЫНЫЛДЫ
1 шілде күні «Nur Otan» партиясы Казталов аудандық филиалының мәжіліс залында филиал төрағасы, аудан әкімі Альберт Есалиевтің төрағалығымен Саяси кеңес Бюросының отырысы өтті. Бюро мүшелері күн тәртібіндегі партияның Казталов аудандық филиалының кезектен тыс ХХХІІІ конференциясына Казталов ауданының Казталов ауылдық округінің әкіміне «Nur Otan» партиясынан кандидаттар ұсыну туралы мәселені талқылады. Отырыстың күн тәртібіне сәйкес хабарлама жасаған «Nur Otan» партиясы Казталов аудандық филиалының төрағасының бірінші орынбасары Ерболат Бекмулдин биылғы сайлаудағы өзгешелікке де тоқталды.
-Бәрімізге белгілі 2021 жылдың 25 мамырында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстандағы сайлау туралы» Конституциялық заңға әкімдерді сайлауды енгізу мен барлық үміткерге қарсы дауыс беруді қарастыратын түзетулерге қол қойды. Осыған байланысты біздің Казталов ауданы бойынша Казталов, Жаңажол, Көктерек, Бостандық ауылдық округтерінде сайлау өтуі керек. Осы мақсатта 2 шілде күні партияның Казталов аудандық филиалының кезектен тыс ХХХІІІ конференциясы жоспарланған болатын. Біз осы конференцияға өз өтініштерін білдірген үміткерлерді ұсынуымыз керек, - деді Ерболат Мұратқалиұлы.
Аталған мәселеге сай партияның Казталов аудандық филиалының кезектен тыс ХХХІІІ конференциясына Казталов ауданының Казталов ауылдық округінің әкіміне «Nur Otan» партиясынан 2 кандидат ұсынылды. Ал «Nur Otan» партиясы Казталов аудандық филиалының кезектен тыс ХХХІІІ конференциясы 2 шілдеге жоспарланып отыр.

