АУЫЛ ӘКІМДЕРІ САЙЛАНБАҚ.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өзінің 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауында ауыл әкімдерін тікелей сайлауды енгізудің қажеттігін айтқан болатын.
Осыған орай, ағымдағы жылдың 24 мамыры ҚР «Сайлау туралы» Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп, он күннен кейін күшіне енді. Жаңа Заңға сәйкес, еліміздің аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі сайланатын болды, яғни, бұрынғыдай депутаттар емес жергілікті халық сайлайды.
Көптеген шет елдердің тәжірибесі көрсетіп отырғандай, тікелей сайлау кезінде әкімдікке үміткер тұлға өз сайлаушылары алдындағы жауапкершілікті терең сезінеді, бұл оның жұмысына оң әсер етеді.
Алдағы 25 шілдеде өтетін саяси науқан біздің ауданның Т.Масин және Саралжын ауылдық округтерінде өтпек. Біз 2 шілде күні "Nur Otan" партиясының конференциясында партия атынан додаға түсетін кандидаттарды ұсынған болатынбыз. Олар қос ауылдың да өз перзенттері М.Қитанов пен Н.Кереш. Білімі мен тәжірибесі зор әріптестеріме сәттілік тілеймін.
Исатай Құрмашев, "Nur Otan" партиясы Бөкей ордасы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары.
