"АУЫЛ - ЕЛ БЕСІГІ" ПАРТИЯЛЫҚ ЖОБАСЫ ТҮЛКІБАСТА ЖОҒАРЫ ДЕҢГЕЙДЕ ЖҮЗЕГЕ АСУДА
ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Назарбаевтың 2019 жылдың 27 ақпандағы «Nur Otan» партиясының XVIII съезінде сөйлеген сөзінде еліміздегі 7,5 миллион ауыл тұрғынының әл-ауқатын жақсарту мақсатында перспективалы ауылдарды іріктеп, сол ауылдарда әлеуметтік саланы дамытуды, тұрғын үйлер мен жолдар салып, коммуникациялар жүргізуді қарастыратын «Ауыл – Ел бесігі» жобасын іске асыруды тапсырған болатын. Сонымен қатар, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев биыл 15 қазанда өткен жиналыста осы мәселе бойынша нақты жұмысты ұйымдастыру керектігін атап өтті. «Ауыл – Ел бесігі» жобасының басты мақсаты – ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту, ауылдарды тұрақты дамыту. Жоба шеңберінде ауылдық елді мекендерде әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымдарды дамыту, ауыл халқының әлеуметтік игіліктер мен мемлекеттік қызметтерге қолжетімділігін қамтамасыз ету және жалпы жайлы өмір сүру ортасын қалыптастыру бойынша бірқатар міндеттерді шешу көзделген. Осы мақсатта бүгін аудандық партия филиалының ұйымдастыруымен «Ауыл – Ел бесігі» партиялық жобасы шеңберінде Түлкібас кентіндегі жөндеуден өткен көшелердің сапасына партиялық мониторинг жүргізілді. «Ауыл Ел бесігі» бағдарламасы аясында Түлкібас кенті 4 көшеге күрделі жөндеу және 11 көшенің орташа жөндеулері жүргізілуде (Пернебаев, Б.Момышұлы, Тлебалдин, Жамбыл көшелері күрделі жөндеу, Қазына, Көктерек-Жаңақұрлыс, Пошақай, Естібаев, Т.Рысқұлов, Өзбеков, Көктерек-Момышұлы, Көбей, Амангелді-Жаңақұрлыс, Жайлау, Ермағамбетов көшелерін рташа жөндеу жұмыстары аяқталуда). Партия тарапынан күрделі жөндеу өткен көшелердің сапасына жоғары баға берілді.
