АУЫЛ АЗАМАТЫН ҚОЛДАП, ДАУЫС БЕРЕЙІК!
ҚҰРМЕТТІ ЖЕРЛЕСТЕР!
Санаулы күндерден кейін ауданымызда ауылдық округ əкімдерін сайлауы өтетін болады. Бұл сайлаудың ерекшелігі - халық өзі таңдау жасамақ. Яғни, алғаш рет аудан халқы, ауыл тұрғындары өздері сенім артқан азаматтарына таңдау жасап, ауыл əкімі қылып сайлайды.
Біздің ауданда Казталов, Бостандық, Жаңажол, Көктерек секілді іргелі ауылдардың əкімдері лауазымына үміткер азаматтар өздерінің сайлауалды бағдарламаларын жариялап, үгіт-насихат жұмыстарын бастап жатыр. Солардың қатарында Казталов ауылдық округі əкіміне үміткер ауыл азаматы, білікті де тəжірибелі маман Ернар Бақтиярұлы Ғалымов та бар.
Бүгінде мəдениет саласын басқарып, мемлекеттік қызметті абыроймен атқарып жүрген Ернар замандасым Казталов ауылдық округі əкімі болуға нағыз лайық деп ойлаймын. Аудан орталығы - Казталов ауылындай үлкен ауылға Ернардай тəжірибесі мол азамат əкім болып сайланса, біраз нəтижелі істерді атқарады деп сенім білдіремін!
Ауыл тұрғындарын, ауылдың белсенділерін ауыл азаматын қолдап, Ернар Ғалымовқа дауыс беруге шақырамын!
Қайрат ЖАҚЫП, "Ауыл айнасы" қоғамдық-саяси газетінің редакторы, аудандық мəслихат депутаты
