АУЫЛ-АЙМАҚТЫ ӨРКЕНДЕТУГЕ БАСЫМДЫҚ БЕРІЛДІ
Бұлан - республикалық күре жолдың бойында орналасқан, аудан орталығы Жымпитыға іргелес қоныстанған ауыл. Ауыл суы мен нуы мол Шідерті өзенінің бойында орын тепкен. Сондықтан тіршілігі егін мен төрт-түлікке тығыз байланысты ауылдың даму қарқыны көтеріліп келеді. Дегенмен, шешімін таппай келе жатырған мәселелер де жоқ емес.
Ауыл тұрғындарымен жүздескен штаб мүшелері көпшілікті алаңдататын мәслелерге жауап беріп, Президенттікке кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасы таныстырылды. Бағдарламадағы ауыл халқының әл-ауқатын көтеруге бағытталған тұғырнамалар жан-жақты тарқатылып айтылды.
Ауылдық аумақтарды дамыту тұжырымдамасы әзірлейді. Бұл құжат ұлттық жобаларды, «Ауыл – ел бесігі» жобасын және облыстардың даму жоспарларын үндестіруді қамтамасыз етеді. Тұжырымдамада инфрақұрылымды, кәсіпкерлікті, агроөнеркәсіптік кешенді дамыту, сондай-ақ кадрлық әлеуеттін, халықтың интернет желісіне қолжетімділігін арттыру жөніндегі кешенді шаралар қамтылатын болады, - деді штаб төрағасы Т.Даргужиев
Штаб төрағасы Талғат Мұратұлы ауданымызда атқарылып жатырған игі істерді алға тартып, бұл істер мұнымен тоқтамайтынын айтып, елдің игілі мен берекесі үшін алдағы сайлауда дауыс беруге шақырды.
#Toqaev2022

