Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

«АУЫЛ АМАНАТЫ» ЖОБАСЫНЫҢ МОБИЛЬДІК ТОБЫ БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНДА

«АУЫЛ АМАНАТЫ» жобасының мақсат-міндеттерін түсіндіруге арналған 40 күнге созылатын республикалық ақпараттық марафон аясында мобильді топтар облыс тұрғындарымен кездеседі.

Мобильді топ мүшелері 5 тамыз бен 12 тамыз аралығында Батыс Қазақстан облысының ауылдары мен ауылдық округтерінің тұрғындарына арнайы ақпараттық-түсіндіру кездесулерін ұйымдастырады. Мобильді топ құрамында партия филиалдарының атқарушы хатшылары, аудандық мәслихат депутаттары, бизнес-тренерлер бар.

«АУЫЛ АМАНАТЫ» жобасы аясында еліміздегі әрбір ауыл мен қаланың өндірісінің басым бағыттары айқындалып, географиялық ерекшеліктері, еңбек, қаржылық және басқа да ресурстары бойынша сандық деректер жинақталуда. Жиналған ақпарат жобалық кеңседе талданады, одан кейін ауылдық округтердің экономикалық мамандануына сәйкес тиісті әдістемелік көмек көрсетіледі.

Жоба мақсаты:

Ауылдық округ тұрғындарын жұмыспен қамтуды ұлғайту және еңбек табысын арттыру.

Жобаның артықшылығы – 2,5 пайыздық жеңілдікпен несие беру, ауыл шаруашылығы техникасы мен құрал-жабдықтарын лизингке беру, кооперативтерге инвестициялық субсидия беру. Сонымен қатар, тұрғындар ауыл шаруашылығы саласының мамандарынан да кеңес ала алады.

Батыс Қазақстан облысы бойынша жұмыс кестесі:

09 тамыз 2022 жыл – Бөкей ордасы ауданы:

Бисен ауылы (мәдениет үйі) сағат 10:00-11:00, Ұялы ауылы (мәдениет үйі) сағат 12:00-13:00.

0
0
322

Еще по теме

«АУЫЛ АМАНАТЫ» ЖОБАСЫНЫҢ МОБИЛЬДІК ТОБЫ БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНДА - Yvision.kz