Перейти к содержимому

«АУЫЛ АМАНАТЫ» ЖОБАСЫН ТҮСІНДІРУ МАҚСАТЫНДА АШЫҚ ЕСІК КҮНІ ӨТТІ!

🔰Биыл сәуірде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес «2025 жылға дейін халықтың табысын арттыру бағдарламасы» бекітілді. Ауыл тұрғындарының жылдық мөлшерлемесі 2,5%-ды құрайтын жеңілдетілген несие алуына, кооператив құру және техниканы лизингке ресімдеу кезінде көмек алуына мүмкіндік пайда болады. Осы бағдарлама аясында партия Үкіметпен бірлесіп «Ауыл аманаты» жобасын жүзеге асыруда. «Ауыл аманаты» жобасының мақсаты – ауыл тұрғындарына табысын, әл-ауқатты мен өмір сүру сапасын арттыруға көмектесу. 🔰Бүгін «AMANAT» партиясы Панфилов аудандық филиалы ғимаратында «Ауыл аманаты» жобасы бойынша ашық есік күні өтті. Жиынға «AMANAT» партиясы Панфилов аудандық филиалының төрағасы Ерлан Оспанбаев, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Панфилов аудандық филиалының директоры Ерлан Нарынбаев, Аудандық кәсіпкерлік бөлімінің маманы Қуандық Мұсабеков, Ауылшаруашлық бөлімінің маманы Ибрагимов Амангелді қатысты. Жиын барысында ауыл тұрғындарына жылдық мөлшерлемесі 2,5%-ды құрайтын жеңілдетілген несие жөнінде толығырақ ақпараттар айтылып, кеңестер берілді. «Ауыл Аманаты» жобасының мақсаты - ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін жан-жақты қолдау, ауыл тұрғындарын агробизнеске барынша тарту, азық-түлік қауіпсіздігі және азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуға байланысты мәселелерді шешу болып табылатындығы жеткізіліп, аталған жоба бойынша келген аудан тұрғындарын толғандырған сұрақтарына жауап берді

0
0
187

Еще по теме

«АУЫЛ АМАНАТЫ» ЖОБАСЫН ТҮСІНДІРУ МАҚСАТЫНДА АШЫҚ ЕСІК КҮНІ ӨТТІ! - Yvision.kz