АУЫЛҒА КЕЛ, ЖАС МАМАН
«Дипломмен – ауылға!» бағдарламасы талай жастың жолын ашып, үлкен өмірге қадам басуына көмектескені белгілі. Жоба аясында жалынды жастар ауыл-ауылдарға жол тартып, бұқара үшін қызмет етіп қана қоймай, өз тұрмысын да түзеуге мүмкіндік алды. Ең әуелі бірреттік көтерме жәрдемақысына қол жеткізсе, кейіннен баспана үшін тұрғын үй несиесі де беріледі.
Бастапқыда бағдарламаның көретін мамандықтар аз болса, қазіргі күні мамандық саны едәуір ұлғайды. Ниет білдірушілер саны артып келеді, сондай-ақ, нарыққа сай көтермеақы мен берілетін бюджеттік кредиттің көлемі де едәуір ұлғайды.
Соңғы 3 жыл бойынша Бөкей оордасы ауданы бөлісінде қарайтын болсақ, 2019 жылы 39 маман көтермеақы ((7575,0тг), 20 маман үй алуға несие (68334,5тг), 2020 жылы 60 маман көтермеақы (16604,5), 21 маман үй алға несие (83451,8), 2021 жылы 46 маман көтермеақы (13418,2тг), 19 маман үй алуға несие (82340,0) алған. Биылғы жылы ниет білдіруші жастар көп болды. Цифрға жүгінсек, 42 көтермеақы (12958,2тг), 40 үй алуға несие (87258,3тг). Қаралған қаржы толық орындалған.
Қарап отырсақ, бұл дегеніміз жастарға берілген үлкен мүмкіндік пен қолдау. Ауылдық елді мекендердегі білікті маман тапшылығының орнын толтырудың бірден-бір жолы – «Дипломмен – ауылға» бағдарламасын жаңғырту. Ауыл десе ат-тонын ала қашатын жастардың жігерін жанып, ынтасын арттыратын бұл мемлекеттік бағдарламаны Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың назарынан да тыс қалдырған емес. 2019 жылға Жолдауында Мемлекет басшысы: - Қала мен ауыл мектептері арасындағы орта білім сапасы алшақтап барады. Негізгі мәселе – ауылдық жерлердегі білікті педагог кадрлардың тапшылығы. Сондықтан, «Дипломмен – ауылға» бағдарламасының аясын кеңейтіп, жұмысты жаңа деңгейде жалғастыруымыз қажет. Үкіметке келесі жылдан бастап осы бағдарламаны қаржыландыруды 20 миллиард теңгеге жеткізуді тапсырамын, - деген болатын. Бүгінгі таңда бұл қарқын көбеймесе төмендеген емес.
20 қарашада келетін еліміздегі кезектен тыс Президент сайлауында да кандидат Қасым-Жомарт Тоқаев жастарды назардан тыс қалдырған емес. Осы мақсатта, өзінің "Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсысымыз үшін. Қазір және әрдайым" атты сайлауалды бағдарламасында
• Жастар саясаты туралы жаңа тұжырымдама мен заң қабылдаймыз.
• Қоғамдық кеңестерде жастар квотасын енгіземіз.
• Конкурстық негізде жас кәсіпкерлерге жылдық 2,5 пайыз жеңілдікпен несие беруді ұсынамыз.
• Ерекше қажеттіліктері бар жас кәсіпкерлерге қосымша грант бөліп көмек көрсетеміз.
• Креативті индустрияны дамытуды қолдаймыз.
• Музыка, кино, театр, әдебиет, диджитал графика және т.б. бағыт бойынша жас таланттардың халықаралық фестивальдарын тұрақты түрде өткіземіз.
• Жыл сайын «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранттарын беретін боламыз.
• Еріктілер қозғалысын күшейтеміз.
деген болатын. Бұл дегеніміз зор сенім мен нақты қолдау шарасы. Осындай бағдарламалар барда жастар ауылға келіп, өскен өлкене көтеруі керек. Ендеше, ауылға кел жас маман.
#Toqaev2022
