АУРУ ҰЛТТЫ ЖОЯДЫ – СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ АДАМЗАТТЫ ЖОЯДЫ
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті қызметкерлері Алматы қаласындағы денсаулық сақтау басқармасының емдеу-диагностикалық орталығы қызметкерлерімен «Дені сау ұлт – сыбайлас жемқорлықсыз » тақырыбында кездесу өткізді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру және жұртшылықпен өзара іс-қимыл жасау бөлімінің консультанты Елнар Игіліков Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына Жолдауы мен Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы 2015-2025 жылдарға арналған стратегиясының басым бағыттары және оның алдын алу шараларына қатысты мәселелерге толық түсіндірме берді.
Сондай-ақ денсаулық сақтау саласында орын алып келе жатқан кейбір сыбайлас жемқорлық іс-әрекеттердің салдары туралы әлеуметтік бейнероликтер көрсетілді.
Кездесу сұрақ-жауап қалпында өтті. Мекеменің бас дәрігері Садықов Болат Нұрмұрзаұлы мұндай шаралардың өзекті екенін және осы әлеуметтік қатер екенін атап өтті. Кездесу барысында мекеме қызметкерлері бұдан әрі қарай да сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасау жұмыстары бойынша қоғамдасып жұмыс жасау туралы өздерінің конструктивті ұсыныстарын айтып, ізгі ниеттерін білдірді.
