Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

ҚАУІПСІЗ АУДАН

Барлық деңгейдегі аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлердің агитациялық кезеңі жалғасуда. Осы мақсатты үміткер І.Мамбетов Т.Рысқұлов ауылындағы жеке кәсіпкерлермен үгіт-насихат кездесуін өткізді. Агитацияда партиядағы 7 қағидаттың бірі қауіпсіз аудан жоспары айтылды.

ҚАУІПСІЗ АУДАН

Түлкібас ауданы – барлық тұрғындар өздерін қауіпсіз сезінетін аймақ.

«Nur Otan» партиясының міндеті – ауданды өмір сүруге ыңғайлы етіп қана қоймай, қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сонымен қатар қоғамдық орындарда және көшелерде жасалатын қылмыстардың алдын алу.

Бұл үшін «Nur Otan» партиясы:

 «Қауіпсіз қала», «Түнгі қала», «Көше», «Жасөспірім-Заң-Қауіпсіздік», «Балалар түнгі қалада», «Жасөспірім», «Тұрмыс», «Браконьер», «Барымташы», «Автобус», «Құқықтық тәртіп» профилактикалық шараларын өткізуге;

 Түлкібас ауданының орталығы Т.Рысқұлов ауылына 16 бейнебақылау камераларын (бүгінгі таңда 2 бейнебақылау камерасы жұмыс істейді) орнатуға;

 2021 жылы 4 ауылдық округте (Майлыкент, Мичурин, Түлкібас, Састөбе), 2022 жылы 5 ауылдық округте (Шақпақ, Жабағылы, Жаскешу, Машат, Ақбиік), 2023 жылы 3 ауылдық округте (Кемербастау, Рысқұлов, Келтемашат) жарықтандыру жүйелерін толықтай жарық диодты шамдармен алмастырып, жарықтандыру жүйелерін орнатуға;

 2021 жылы Кершетас ауылында 10,1 шақырымдық 135 дана, Түлкібас кентінде 4,78 шақырымдық 149 дана бағаналарды ауыстырып, 7 елді мекенге (Қызылту, Кершетас, Амангелды, Енбек, Көкбұлақ, Жабағылы, Түлкібас) жаңадан 7 дана трансформатор орнатуға;

 тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру жөнінде кешенді жұмыстар атқаруға;

 өңірде қоғамдық келісім мен этносаралық татулықты қамтамасыз етуге;

 жергілікті жерлердегі құқық қорғау органдары мен атқарушы органдар, қоғамдық институттармен бірлесе отырып, осы бағыттағы іс-шаралар жүйелі түрде жүргізілуін бақылауда ұстауға;

 ғылыми-сарапшы мамандарды тарта отырып, өңірдегі қоғамдық тұрақтылыққа кері әсер ететін факторларды анықтау, олардың алдын алу бойынша ұсыныстар мен негіздемелер әзірлеуге;

 тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру жөнінде кешенді жұмыстар атқаруға;

 ішкі істер қызметкерлерін қазіргі заманауи құралдарымен жабдықтауға (7 автокөлік, 60 бейнетіркегіш, 25 GРS навигациялық жүйе, сондай-ақ жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің қызметкерлері үшін 60 радиостанция);

 алдын алу шаралары және құқық бұзушылыққа қарсы іс-қимылды күшейту жөніндегі шараларды жүйелі орындауға ықпал етеді.

Еще по теме

ҚАУІПСІЗ АУДАН - Yvision.kz