ҚАУІПСІЗ ҚАЛА
«Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасында қаланы дамытудың 7 басым бағыттары негіз етіп айқындалған.
Атап айтар болсақ, «Экономикалық тұрақты аймақ», «Ыңғайлы аймақ», «Әлеуметтік қызметке бағдарланған аймақ», «Жастарға арналған аймақ», «Тарих пен мәдениетті дамыту», «Ашық және есеп беретін жергілікті органдар», «Қауіпсіз аймақ».
Тұрғындарды мазалайтын дәл осы мәселелер партияның басты басымдығы ретінде айқындалып отыр. Алдағы уақытта бұл бағытта ауқымды жұмыстар атқарылатын болады.
Бүгінгі жазбамыз «ҚАУІПСІЗ ҚАЛА» басымдығына арналып отыр.
Кентау қаласы – барлық тұрғындар өздерін қауіпсіз сезінетін қала.
Бұл үшін «Nur Otan» партиясы:
- «Қауіпсіз қала», «Түнгі қала», «Жасөспірім-Заң-Қауіпсіздік», «Көше», «Балалар түнгі қалада», «Жасөспірім» сияқты профилактикалық шараларын өткізуге;
- 15 ауыл округтерінде (Шаға, Үшқайық, Жүйнек, Шорнақ, Оранғай, Қарнақ, Қарашық, Байылдыр, Жібек жолы, Ескі Иқан, Жаңа Иқан, Ащысай, Яссы, Майдантал, Бабайқорған) 2025 жылдың соңына дейін жарықпен қамтамасыз ету үшін көшелерге толық жарық диодты шам мен тіректер (столба) орнатуға;
- Кентау қаласының көшелері мен көпқабатты тұрғын үй ауласында бейнебақылау камераларын (бүгінгі таңда 20 бейнебақылау камерасы жұмыс істейді) орнатуға;
- өңірде қоғамдық келісім мен этносаралық өзара татулықты қамтамасыз етуге;
- тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру үшін кешенді жұмыстар атқаруға;
- жергілікті жерлердегі құқық қорғау органдары мен атқарушы органдар, қоғамдық институттармен бірлесе отырып осы бағыттағы іс-шаралардың жүйелі түрде жүргізілуіне ықпал етіп, бақылауда ұстайды.
