АУДАНЫМЫЗДА ХАЛЫҚПЕН КЕЗДЕСУ ЖАЛҒАСУДА
АУДАНЫМЫЗДА ХАЛЫҚПЕН КЕЗДЕСУ ЖАЛҒАСУДА
«Nur Otan» партиясының облыстық үміткерлер тобы Ералиев Ербол, Ақтөреева Қаршыға және Қаныбеков Шералы аудандық жұмыс жоспарға сәйкес Нұр ауыл тұрғындарымен кездесті. Үміткерлер «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасымен таныстырды. Тұрақты экономикалық даму мен халықтың қалыпты өмір сүру деңгейін арттыруды негізгі бағыт етіп алған партия бағдарламасын тыңдаушылар жылы қабылдады. Сонымен қатар тұрғындар көкейде жүрген сауалдарына жауаптар алып, осы күнге дейін атқарылған және алдағы бес жылда атқарылар тірліктер үшін партияға өз алғыстарын білдірді.
