АУДАНДЫҚ СОТТА - ЖАҢА ТӨРАҒА
Сапархан Сүйіндікұлы Умаров ұйымдастырушылық қабілеті ескеріліп, өз саласын жетік меңгерген маман ретінде осы қызметке лайық деп ұйғарылды. Кәсіби судья сот төрелігінің сапасын арттыруға және сот беделін нығайтуға үлес қосады.
Айта кетейік, Сапархан Сүйіндікұлы Умаров 1984 жылғы 7 қарашада Түркістан облысы, Шардара ауданы, Қазақстан ауылында дүниеге келген. 2006 жылы Шымкент қаласындағы М.Әуезов атындағы ОҚМУ университетін "Құқықтану" мамандығы бойынша үздік тәмамдайды. 2011-2013 ж.ж. Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Сот төрелігі институтын магистратура бағдарламасы бойынша үздік аяқтаған.
Ол өзінің еңбек жолын 2008 жылы наурызда «Қазақстан Республикасының Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» агенттігінің Қаржы полициясы академиясында инспектор болып бастаған. Кейін аға инспектор, оқытушы, аға оқытушы болып еңбек етті. 2014 жылдың маусым айы мен 2020 жылдың қазан айы аралығында Шардара аудандық сотының судьясы қызметін атқарған.
Жанұялы. 1 ұл, 2 қыз тәрбиелеп отыр.
