АУДАНДЫҚ ШТАБ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ
Сарыағаш аудандық штаб төрағасы Құдрет Қыстаубаев штабтың атқарып отырған жұмыстарын баяндап берді. Сарыағаш ауданы бойынша 54 үміткер: облыстық – 10, аудандық – 44 үміткер және 60 белсенді бүгінде орталық аппарат және облыстан келген жаднамаларға сәйкес жұмыс жасауда. Үміткерлердің жұмыс барысын бақылау мақсатындау штабтан мамандар бекітіліп, біргелікте жұмыс жүргізілуде.
Облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, облыстық мәслихат депутаттығына үміткер ретінде Сарыағаш қаласының төбе биі Рахымберді Оспановтың шаңырағында және Сарыағаш қаласындағы «Лидер НК» ЖШС-де болып, партияның Түркістан облысы бойынша сайлауалды бағдарламасымен таныстырды.
«Nur Otan» партиясы Сарыағаш аудандық филиалының баспасөз қызметі.
