АУДАНДЫҚ ШТАБ АУДАН ЖАСТАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Сауран ауданының жастары ҚР Президенттігіне үміткер Қ.К.Тоқаевты қолдау жөніндегі халықтық коалициясының Сауран аудандық қоғамдық штабы өткізген кездесуде болып, кандидаттың жастарды және ауыл тұрғындарын қолдау жөніндегі сайлауалды бағдарламасының негізгі басымдықтарымен танысты.
Қосмезгіл ауылында өткен кездесуде жастар алдында аудандық штаб төрағасы Асылбеков Сағынбек аудандық штаб мүшесі Рысбеков Құрманбай Шорнақ БПҰ төрағасы Сүлейменов Баймахан cөз сөйледі.
Сондай-ақ, кездесуге қатысуға ниет білдірген ауыл тұрғындары да болды.
Спикерлер өз сөзінде Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасында айтылған жастармен жұмыс істеудің жаңа тәсілдеріне ерекше назар аударды.
Атап айтқанда, жас кәсіпкерлерге 2,5%-бен несие беруді бастау, креативті индустрияны дамыту, жастар үшін 2,3 млн. жұмыс орнын ашу, жатақханалар мен қолжетімді жалға берілетін тұрғын үйлер салу, жеке баспана сатып алу құралдарын дамыту, шәкіртақыны екі есеге өсіру сияқты басқа да көптеген іс-шара жоспарлануда.
«Барлығы жастарға арналған» ұраны «Жастармен бірге» қағидасымен ауыстырылады. Бұл жас мамандармен, жас белсенділермен, студенттермен, Қазақстанның барлық жастарымен бірге әділ Қазақстан құрылатынын білдіреді. Қазіргі жастар - жаңа Қазақстанның дамуы мен қалыптасуына ерекше үлес қосуда. Алдағы уақытта бұл үдеріс одан әрі дами түседі», - деп атап өтті Сағынбек Асылбеков өз сөзінде.
Кездесу барысында штаб мүшелері жастарды дұрыс таңдау жасауға шақырды.
#TOQAEV2022
#Toqaev2022
