Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

АУДАНДЫҚ ПАРТИЯ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ

АУДАНДЫҚ ПАРТИЯ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ

Бүгін "Nur Otan" партиясы Ақжайық аудандық филиалында филиал төрағасы, аудан әкімі Қ.Айтмұхамбетовтың қоғамдық қабылдауы өтті. Қабылдауға 3 тұрғын келді. Алғабас ауылдық округінің тұрғыны Ерғалиев Хайролла ұлының атындағы "Ғайни" шаруа қожалығына қосымша жер беру жөнінде өтінішпен жүгініп, Х.Ерғалиевке ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлерді конкурс арқылы берілетіндігі түсіндірілді. Чапаев ауылының тұрғыны Аққалиев Қуаныш Ізімғалиұлы тұрғын үй кезегінде тұрғандығын, қазіргі жағдайда кезегінің жағдайын білуге келген екен. Қ.Аққалиевқа бюджеттік қызметкерлер санатында 42 - болып тұрғандығы баяндалды. Қабылдауда болған Чапаев ауылдық округінің Жайық елдімекенінің тұрғыны Ислямова Айнұр Хамитқызы Жайық жалпы негізгі білім беретін мектебіне күзетшілікке жұмысқа қабылдау кезінде жолдасының жұмысқа не себептен алынбағаны жөнінде шағымданды. А.Исламоваға заң аясында түсініктер берілді.

0
0
106

Еще по теме