АУДАНДЫҚ ОРТАЛЫҚ АУРУХАНА БАСШЫСЫ ТІКЕЛЕЙ ЭФИР ӨТКІЗДІ.
Бүгін аудандық орталық аурухананың басшысы Тұрлыбеков Бахыт Кеңесбекұлы денсаулық сақтау саласы бойынша тікелей эфир өткізді. Тікелей эфир барысында аудандық орталық аурухананың жыл басынан бері және қазіргі таңда атқарып отырған жұмыстарына тоқталды. Соның ішінде елімізде ү.ж. наурыз айынан басталған короновирус індетімен күресте өз қызметкерлеріне ерекше алғысын білдірді. Сонымен қатар сол індетпен күресу кезінде қолдау білдірген ауданымыздың бетке ұстар кәсіпкерлеріне, аудандық мәслихаттағы "Nur Otan" фракциясының мүшелеріне, сондай-ақ партияға рақметін жеткізді. Осы қолдаудың арқасында аудандық орталық аурухана 49 кислород концентратымен, 4 ИВЛ аппаратымен, және жақында орнатылған цифрлы рентген аппаратымен жабдылғанын алға тартты. Одан бөлек ауданға МРТ аппаратына тапсырыс берілгендігін айтты. Ол тапсырыс қаралуда. Жуырда БАҚ пен теледидарлардан көрсетілген ақпараттық жаңалықтарда Қазақстанда коронавирустың екінші толқыны болуына байланысты аудандық орталық аурухана дайын екендігін жеткізді. Денсаулық сақтау саласының атынан аудан тұрғындарына әрдайым маска тағып жүруді, әлеуметтік арақашықтық сақтауды, көп адамдар жиналатын орындардан өздерін алыс ұстауды, қолды жиірек сабынмен жуып жүрулерін өтінді. Ауруды асқындырмау маска режимін сақтайтын адамдардың жалпы пайызына байланысты. Дәл осыған сәйкес ауруға шалдығу болжамы азаятын болады деді орталық аурухана басшысы. Эфир соңында барша аудан тұрғындарына дендерінің саулығын тілеп, індетті бірге жеңуге шақырды.
