АУДАНДЫҚ ҚОҒАМДЫҚ ШТАБ МҮШЕЛЕРІ ШАЛҚАР АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕ
Ауылдық мәдениет үйінде өткен кездесуде М.Ибраев сайлаушыларды ҚР Президенттігіне кандидат Қ.Тоқаевтың сайлауалды тұғырнамасының негізгі бағыттарымен таныстырды.
«Қ.Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасында ауыл мен аграрлық сектор – ел экономикасының тұрақтылығының негізі екендігі атап көрсетілген. Ауыл жерде өмір сүру және жұмыс істеу ыңғайлы әрі тиімді болуы үшін, ауыл мен ауыл шаруашылығын жандандыру міндеті қойылып отыр. Ол үшін ауыл шаруашылығы кооперативтерін ұйымдастыру бойынша ауқымды жоба іске асырылатын болады.Сондай-ақ, лизингке ауыл шаруашылығы техникасын алу, шағын несие және ірі қалалардағы өткізу нарықтарына қол жеткізу үшін жағдай жасалатын болады», - деді штаб мүшесі, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Білікбай Құбайысұлы.
#Toqaev2022
