Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

АУДАНДЫҚ ҚОҒАМДЫҚ ШТАБ МҮШЕЛЕРІ АҚТӨБЕ ХАЛҚЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Жиынға аудандық қоғамдық штабтың мүшелері Асан Абсаттар Мұстафаұлы, Ибрагимов Алпысбай Избасарұлы және Иса Абылайхан Нұрланханұлы қатысты.

Кездесуде Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» сайлауалды бағдарламасында қамтылған мәселелер кеңінен талқыланды. Штаб мүшелері кандидаттың сайлауалды бағдарламасында көрсетілген ауылдық жерлерді дамыту мәселелеріне ерекше назар аударды.

«Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасында жерді ауыл тұрғындарына қолжетімді ету мәселесі көтеріледі. Ол үшін ірі жер иелерінен пайдаланылмайтын жер телімдерін мемлекет меншігіне қайтару жұмыстарын жандандырылады. Сондықтан да жарқын болашақ үшін, дұрыс таңдау жасауымыз керек», - деді штаб мүшелері.

Кездесу соңында ауыл тұрғындары Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан» құру бастамасын қолдайтындықтарын жеткізіп, оны іске асыруға тілектестік білдірді.

Toqaev2022

0
0
268

Еще по теме