АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ
Бүгін аудандық мәслихат депутаты Тұрғанбаев Берік Мыңжанұлы азаматтардың арыз-өтініштерін тыңдау мақсатында жеке қоғамдық қабылдау өткізді. Қоғамдық қабылдауда атаулы әлеуметтік көмек алу, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға көмек көрсету бойынша мәселелер көтерілді. Халық қалаулысы қабылдаған азаматтардың арыз-өтініштеріне ҚР заңдылықтарына сәйкес түсініктемелер берілді. Сондай-ақ мәслихат депутаты өтініш білдірген азаматтардың мәселелерінің оңтайлы шешілуіне дейін бақылауға алатындығын жеткізді.
