АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫ COVID-19 БОЙЫНША ПРЕЗИДЕНТ Қ.ТОҚАЕВТЫҢ ЖОЛДАУЫН ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСЫН ӨТКІЗДІ
Тікелей эфирде (ZOOM платформасы арқылы) Түпқараған аудандық мәслихат депутаты Б.Төлешов ел президенті К.Тоқаевтың COVID-19 шараларын алдын-алу мақсатындағы жолдауын түсіндіру жұмысын жүргізді.
Бақтыгерей Төлешов жиынға қатысушыларға елімізде бүкіл әлемге зор қауіп төндірген пандемияға қарсы күрес әлі де жалғасып жатқанын айта келе, COVID-19 инфекциясының таралу жолдарын, одан қалай сақтанып жүру керектігін айтып өтті. Күн тәртібіндегі қарапайым маска тағу, қолғап кию, қолды үнемі жуып жүру секілді шараларға селқос қарамай, тәртіпке бағынып, жауаркершілікті сезініп, ел болып еңсеру керектігін баса айтты.
Жиын соңында қатысушылар сұрақ қойып, өздерінің көкейіндегі сауалдарға жауап алды.
