АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТЫҒЫНА ҮМІТКЕР Е.САРТБАЕВ КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ
Бүгін Түлкібас ауданында «Nur Otan» аудандық партия филиалында аудандық мәслихат депутаттығына үміткер, жеке кәсіпкер, «Мақұлбек» ЖШС төрағасы Ералы Сартбаевтың қатысуымен болған сайлауалды үгіт-насихат шарасы болып өтті. Ералы Мақұлбекұлы шараға қатысқан аудан тұрғындары мен жастарға «Nur Otan» партиясының 30 жылда жасаған істеріне куә болғанын, сөздің емес, істің партиясы екенін айтып жеткізді. Елбасының арқасында жетіп отырған бейбітшілік пен тыныштық орнаған жылдарда көптеген істің алға басқандығын атап өтті. Қазіргі таңда өзі басшылық жасайтын «Мақұлбек» шаруа қожалығы жаңа техникалармен қамтылып жатқанын айтқан Ералы Мақұлбекұлы ауданның аз қамтылған отбасыларына жыл сайын қаржылай көмектер көрсетіп тұрады. Алдағы уақытта да қайырымдылық шаралары жалғасын табатынын және де жастардың жұмыспен қамтылуына мүмкіншілік жасайтынын білдірді.
