Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

АУДАНДЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ.

«AMANAT» партиясы Бөкей ордасы аудандық филиалының кезектен тыс ХХХІІІ конференциясы өтті. Конференция жұмысына аудан әкімі Даумов Нұрлыбек Жасқайратұлы, аудандық мәслихат хатшысы Қайырғалиева Лариса Тельманқызы, Саяси Кеңес мүшелері, аудандық мәслихат депуттары мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері оффлайн-онлайн форматта, қатысты. Күн тәртібі ұсынылды:

1. «AMANAT» партиясы Бөкей ордасы аудандық филиалының 2022 жылы атқарған жұмысы және алдағы міндеттері туралы;

2. «AMANAT» партиясы Бөкей ордасы аудандық мәслихатындағы фракциясының есебі туралы;

3. «AMANAT» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалының кезектен тыс ХХХІ конференциясына делегаттар сайлау туралы.

Күн тәртібіндегі 1, 2 мәселе бойынша «AMANAT» партиясы Бөкей ордасы аудандық филиалының атқарушы хатшысы, жиналыс төрағасы, фракция жетекшісі Құрмашев Исатай Рахметоллаұлына баяндама жасаса, 3 мәселе бойынша аймақтвық конференцияға ауданнан 5 делегат сайланды.

0
0
294

Еще по теме

АУДАНДЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ. - Yvision.kz